RU Русский
KZҚазақша

Жеткізу және төлем

Жеткізу және төлем

Жеткізу
Барлық сандық тауарлар, бағдарламалық өнімдер және лицензиялар электронды түрде жеткізіледі. Оларға келесі әдістердің бірімен қол жеткізуге болады:
— лицензия файлы/кілтінің немесе сандық өнімнің www.dyc.kz сайтындағы Пайдаланушының жеке кабинетінде орналастырылуы (тіркелгеннен кейін қолжетімді);
— тіркелу және/немесе тапсырыс рәсімдеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберу;
— Пайдаланушымен келісілген жағдайда — тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне мессенджерлер арқылы жіберу.

Сандық тауарларға қол жеткізу Компанияның есепшотына толық төлем түскеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Төлем әдістері

  1. Ақшалай емес есеп айырысу — «DYC Group» ЖШС реквизиттері бойынша банк аударымы арқылы төлеу. Төлем шоты тапсырыс рәсімделгеннен кейін жеке кабинетте жасалып, көрсетіледі немесе электрондық поштаға жіберіледі.

  2. Банк карталары — VISA, MasterCard, қорғалған төлем сервисі PayLink арқылы. Төлемді тапсырыс рәсімделгеннен кейін бірден жасауға болады.

Маңызды ақпарат
— Сандық тауарды жеткізу бойынша міндеттемелердің орындалған күні, оған жеке кабинетте қол жеткізу немесе электрондық поштаға жіберу күні болып саналады.
— Ақшалай емес төлем реквизиттері мен төлем шоты тапсырыс расталғаннан кейін қолжетімді болады.
— Төлем ақша қаражаты ЖШС-тің есепшотына түскен сәттен бастап жасалған болып саналады.